St. Lecturer of the Department THSLKL Myrzataev ND gave courses on "Fundamentals of Entrepreneurship" organized by the National Chamber of Entrepreneurs "Atameken"

«Мемлекет және құқық теориясымен тарихы, конституциялық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлы  «Атамекен» қазақстан республикасының  ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша заң факультетінің студенттеріне 11.11.2019-23.11.2019 жыл аралығында 36 сағаттан тұратын базалық курстыты аяқтады.

Студенттер үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу, сондай-ақ болашақ өмірде табысты адам болуды тегін үйрену жоспарлы жүзеге асырылып отыр, болашақ түлектеріміз отандық компанияда жалдамалы қызметкер болса да, бірақ табысты бола алатын  адамдар үшін кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша осы базалық курс болашақта көп көмек жасайды.

 

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес Қазақстандағы рухани жаңғыру аясында   – кәсіпкерлікті дамытудың «2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру арқылы бизнес-ортаны түбегейлі жасарту мен жақсартуға арналып тамаша жоба.