International scientific-practical conference on the Constitution Day of the Republic of Kazakhstan organized by the law faculty of the ENU

2018 жылдың 29 тамызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып  өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы адам құқықтары бойынша уәкіл, Жоғары Сот судьялары, мемлекеттік органдардың, министрліктердің, ведомстволардың, шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, Қазақстан және шет елдердің заңгер-ғалымдары, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған конференцияны ЕҰУ-дің  Стратегиялық даму жөніндегі проректоры Серікжан Қанаев ашты. Жиынның мәні мен маңызына кеңінен тоқталған проректор халықаралық жиынға қатысушыларды келе жатқан Ата заң күнімен құттықтап, ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияның мақсаты: Қазақстанның конституциялық дамуының өзекті мәселелерін, ұзақ тарихы бар қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының, құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру тетігі ретінде Конституцияның ролін талқылау. Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының құқықтық негіздеріне, құқықтық дамудың белгісіз сәттеріне, Ата заңның қалыптасу кезеңдеріне, қазақстандық қоғам дамуының әдістемесіне ғылыми баға беру.

Жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Констутциялық Кеңес  мүшесі Иоган Меркель, ҚР Конституциялық Кеңестің экс-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Аманжан Нұрмағамбетов, РФ И.Бунин атындағы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Юрий Дук, Ресей сауда-экономикалық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Юрий Голик, РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Олег Зайцев, ЕҰУ заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы Сәуле Амандықова және тағы басқалар сөз алып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ой қозғады. 

Қорыта айтқанда, «Заманауи мемлекет құндылықтары тұрғысынан құқық үстемдігі мен азаматтық қоғамды дамытудың жүзеге асуы»; «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы азаматтық құқықтық қатынастардың конституциялық құқықтық негіздері»; «Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатында заңның үстемдігін іске асыру»; «Құқық үстемдігін және азаматтық қоғамды іске асыруды халықаралық-құқықтық реттеу» тақырыптары конференция жұмысының негізгі бағыттарына айналды.

Пленарлық мәжіліс соңы секциялық жұмысқа жалғасты.

Ссылка на основной сайт ЕНУ