Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Юридический факультет


Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай өткізілген презентациялық семинар-тренинг.

Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай өткізілген презентациялық семинар-тренинг. 

      9-шы желтоқсан 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Якуп Бериш, Халықаралық бағдарламалар менеджері Кун Маркверинг қатысуымен «Е4J education» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы білім бойынша презентациялық семинар-тренинг өткізілді.

    Конференцияның негізгі мақсаты: қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра, өскелең жастар арасында адамның тұлғалық келбетін ашатын әділдік, қарапайымдылық, ар-намысы және сенім сияқты асыл қасиеттерді және рухани қабілетті бойларына сіңіру, сонымен қатар Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлықпен күрес күнін атап өтілді. 

   Презентациялық семинар-тренингке  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Заң факультетінің деканы з.ғ.д., профессор Ибрагимов Ж.И., қылмыстық-құқық пәндер кафедрасының оқытушысы Нуридин С.Н., сонымен қатар факультет студенттері қатысты.