Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Юридический факультет


Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасында "Жастар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбындағы "Адалдық сағаты" өтті.

28 ақпан 2020 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының  доценті,  з.ғ.к.  М.Б Мұратханова мен аға оқытушы, з.ғ.м. Н.С.Нуридиннің ұйымдастыруымен «Жастар-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты» өтті. Аталған іс-шараға арнайы қонақ және сарапшы ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Парасаттылық Департаментінің бас эксперті Али Салтанат  және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Диас Қозыбаевпен қатысты. 

«Адалдық сағатын» заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор  Ж.И. Ибрагимов ашып, кіріспе сөз сөйледі. «Адалдық сағатының» барысын модератор ретінде қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Б.Р. Сембекова жүргізіп, қонақтарға сөз берді.

Сондай ақ, іс-шараға заң факультетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, з.ғ.к. Абдилов Қ.С., заң факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карибаева А.Қ. және қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесу барысында арнайы шақырылған мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың бойында сыбайлас жем¬қор¬лыққа қарсы мәдениетті қалып¬тବсу шараларымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресті әр салада тиімді жүргізудің тәсілдерімен және жолдарымен бөлісті. «Адалдық сағатына» қатысқан 1 және 2 курс студенттері көкейінде жүрген өзекті сұрақтарын қойып, қызу талқылау жүргізілді.

Талқылау барысында студенттер өз ойларымен де бөлісіп, баяндама жасады. Атап айтқанда, Құқықтану-21 тобының студенті Сейдімбек Тарлан «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында, Құқықтану-23 тобының студенті Болат Айару «Жемқорлықты қалай жоюға болады?» тақырыбында, Халықаралық құқық-21 тобының студенті Алмазұлы Батухан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қоғамдық кедергілер» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған іс – шара ғылыми-теориялық және тәжірибелік тұрғыдан өте жоғары деңгейде өтті. Берілген ақпараттардың құндылығы және тәжірибемен тікелей байланыста болуының маңыздылығы болашақта студенттердің қоғамда сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу және болдырмау, әдептілік этикасын сақтау барысында оң нәтиже береді деп сенеміз.