2020 жылдың 27 ақпанында «Nur Otan» партиясының филиалы ішінен құрылған Қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша отырысы өтті.
Отырыс барсыныда Қазақстан Республикасының 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жоспарының қандай деңгейде орындалып жатқандығы туралы талқыланды.
Осы орайда «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор, Жамаладен Ибрагимов заң факультетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық алаңы» аясында «Әдеп» жобалық кеңсесі ашылып, қазіргі таңда студенттерімен дөңгелек стөл ұйымдастырылып, рухани-қоғамдық, құқықтық саладағы өзгерістер, әлеуметтік көмек беру саласындағы заңнамалардағы қойылатын талаптар туралы түсіндіру шаралары жүргізіліп тұратындығын айтты.