Қоғам қайраткері, з.ғ.д., профессор Оңғарбаев Еркін Әнуарұлының 60-жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясындағы з.ғ.д., профессор Тлеухан Р.К. ой пікірі.

Құрметті әріптестер! 3 қыркүйек 2021 жылы Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінде белгілі ғалым заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Еркін Әнуарұлы Оңғарбаевтың алпыс жылдығына байланысты ғылыми практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Үкіметінің, Сенаттың, Мәжілістің, Бас прокуратура, Жоғарғы сотттың, Ішкі істер, әділет министрлігінің жауапты қызметкерлері, шетелден келген белгілі ғалымдар қатысты. Әсіресе Мәскеу мемлекеттік университетінің баяндамасында Еркін Әнуарұлының ғылыми еңбектерін жоғары бағалайтындықтарын қуаныш сезіммен қабылдадық. Польша мемлекетінен келген ғалымдар да Еркін Әнуарұлына деген ілтипаты мол екендігін атап өтті. Көптеген құттықтаулар келіп түсті. Менің жеке басым Еркін Әнуарұлын КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде қызмет атқарған кезден білемін, осы оқу орнында бастықтың ғылыми істер жөнінде орынбасары полковник шенінде болды. Отанына үлгілі қызмет атқарған, Білім министрлігінде ғылым комитетінің төрағасы, дін істері комитетінде де төраға болды. Қазақстанның осы салалардағы заңдарды жетілдіруге сүбелі үлес қосты. Қазіргі уақытты Еуразия Ұлттық университетінде бірінші проректор, ұстаздық еткен жалықпас үйретуге шәкіртке деген қағидамен жемісті еңбек етуде. Біз қазақпыз бір бірін батыр деген, батырларымызды ғалымдарымызды бағалай білейік. Еркін Әнуарұлы, біз сізбен мақтанамыз, әрқашанда ақ жол, еңбегіңізге жеміс, халқыңа қалаулы бола бер. Ізгі тілекпен әділет генерал майоры, заң ғылымдарының докторы, Каспий қоғамдық универстетінің Әділет жоғары құқық мектебінің профессоры Рамазан Тілеухан.