5В030100- "ҚҰҚЫҚТАНУ" МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖҮЛДЕЛІ I ОРЫНМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

 Еуразия Ұлттық университетінің Заң факультеті студенттері 2019 жылдың 20 сәуірі күні М. Нарықбаев атындағы ҚазГЮУ де ҚР-ның ЖОО студенттері арасында «Құқық» мамандықтары тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасына қатысып жүлделі I орынға ие болды. Олимпиадаға біздің университетіміздің студенттерінен бөлек, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Тұран-Астана, «Болашақ» университеті, Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Инновациялық еуразия университеті, Каспий университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, Алматы Менеджмент университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Нархоз университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері қатысты.                

 

 

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1) университетішілік; 2) базалық ЖОО-да. I кезеңнің қорытындысы бойынша Заң факультеті «Құқықтану» мамандығынан 3 курс студенттері Сәтілда Ақжол, Тоқанов Ерсін, Байдуллаев Рзакул, 4 курс студенттері Сакенов Сагидолла, Төлесбай Жансүйген II кезеңге жіберілді.

         

Олимпиаданың II кезеңі І турдан, жеке есепте жағдайлық тесттерді шешуден тұрды. Тур екі блоктан тұрды: «Азаматтық құқық және азаматтық процесс» және «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс». Әр блокта 20 жағдайлық тапсырмалар болды, әр тапсырма 4 жауап нұсқасы берілген әртүрлі деңгейде 3 сұрақтан құралған.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі I орынды студентіміз Тоқанов Ерсін жеңіп алып, I дәрежелі диплом және құрмет грамотасымен марапатталды, келесі студенттеріміз Сәтілда Ақжол, Байдуллаев Рзакул, Сакенов Сагидолла, Төлесбай Жансүйген жеке есеп бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, сертификаттармен марапатталды.

         Олимпиада шарты бойынша, келесі олимпиада І орынды жеңіп алған студенттің университетінде, яғни біздің Еуразия ұлттық университетімізде өткізілетін болады.  

 Заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Амандыкова Сауле Кошкеновнаның бастауымен заң факультетінің профессорлық оқытушы құрамынан құралған жетекшілеріміз   з.ғ.к., профессоры Сембекова Б.Р., з.ғ.к., профессоры Жаркенова С.Б., з.ғ.к., доценті Бексултанова Р.Т.,  з.ғ.к., доценті Муратханова М.Б., з.ғ.к., доценті Бердиярова Ж.С. және студенттерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз.