Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Нуридиннің кураторлық сағаты өтті.

12 наурыз 2020 жылы заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Құқықтану-15, топтың кураторы Нуридин С.Н., « Терроризммен күрес – баршаның міндеті» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат барысында з.ғ.м., аға оқытушы  Н.С. Нуридин студенттерге қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар елімізде орын алып жатқандығы жанымызға үрей тудыратындығы баршамызға аян.   Осыған орай, болашақ жастардың қандайда бір теріс жолға түсіп кетпеуі үшін, террорлық әрекеттердің қаншалықты қоғамға қауіпті екендігін түсіндірді. 

Кураторлық сағатқа Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Әлеуметтік және азаматтық департаментінен Дәрібай Мұратбек, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының з.ғ.к., доцент М.Б.Мұратханова, з.ғ.м., аға оқытушысы Ж.К.Тулепенов қатысты. 

Кураторлық сағатқа студенттер баяндамаларымен дайындалып келіп, өз ойларымен бөлісті.