«Салауатты жас ұрпақ» заңгерлер акциясы

Салауатты өмір салтын қалыптастыру –денсаулық кепілі. Қазіргі кезеңде үнемі алда тұрған өзекті мәселенің бірі- адам тәрбиесі,яғни жас  ұрпақ тәрбиесі.

«Не ексең соны орасың,»-деген халық мақалы соның айғағы. Ұрпағыңды қалай тәрбиелесең отбасы да,мемлекеттің де болашағы,оның біріктігі осыған байланысты.

Адамның басты байлығы- денсаулық. Денсаулық –адамның ең қасиетті де құнды,қайталанбас,жоғалса, қайта орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл  қазынасы. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқыма қызмет етері даусыз.

Осыған сәйкес жас білім алушыларға  тәрбие беру мақсатында заң факультеті көптеген іс-шаралар жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Бұқаралық спортты дамыту туралы, салауатты ұрпақты қалыптастыру» идеясына сәйкес Заң факультеті деканы И.Ж.Ибрагимов жас заңгер білім алушылармен бірге спорттық іс-шарады ұйымдастырды.

Салауатты өмір салтын насихаттау  мақсатында факультет деканы И.Ж.Ибрагимов пен Жас Отан мүшелерімен бірге «Салауатты жас ұрпақ» заңгерлер акциясын жалғастыруда.