«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бойынша оқылған дәріс

«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бойынша оқылған дәріс

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы төңірегінде дәрісоқылды. Бұл іс шара 23 ақпан 2018 жылы Астана қаласы, БИЛ қыздар лицейінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Заң факультетінің, Азаматтық және экологиялық кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі С.Г. Кожахметова және 2 курс магистранты М.Н. Аябековамен өткізілді. Дәріске 9-10 сынып оқушылары қатысып, көптеген маңызды, әрі әсерлі мағлұмат алынды. Президентіміз айтқандай: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».