Қазақстан Республикасы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңейтілген отырысы.

   31 қаңтар 2020 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысына, Парламент депутаттары, Президент Әкімшіілігінің «Nur Otan» партиясының басшылығы, Орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары мен аппарат басшылары, қоғамдық үкіметтік емес, жастар ұйымдарының өкілдері мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Заң факультетінің деканы з.ғ.д., профессор И.Ж.Ибрагимов қатысты.

  Кеңейтілген отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында екендігі айтылып. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деп айтылған.