ҚҚ-43 тобының студенті Гүлсезім Ергарина жүлделі орынға ие болды

Заң факультетінің 4-ші курс ҚҚ-43 тобының студенті Гүлсезім Ергарина Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп өткізген Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Конституция құқық үстемдігінің азаматтық қоғам мен қазіргі заманғы мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсене қатысып, 3-ші дәрежелі орынға ие болды.

Азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының доценті з.ғ.к. Жамиля Серікбайқызы Бердиярованың ғылыми жетекшілігімен «Қазақстан мен Англияның нормативтік актіге қатысты конституциялық негіздері» тақырыбында жазылған жас ізденушінің жұмысы  қазіргі таңда еліміздің ұлттық құқықтық жүйесіндегі нормативтік актінің рөлін тереңірек зерттеп, салыстырмалы әдісті қолдану арқылы оның қолданыстағы кемшіліктерін анықтау, оны одан әрі жетілдіру.

Азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының ұжымы факультетіміздің белсенді студенті Г.Ергаринамен оның ғылыми жетекшісі Ж.С. Бердиярованы шын жүректен құттықтайды және ғылым жолында жетістіктерге жете берулеріне тілектерін білдіреді!